«Туған жер» бағдарламасының шеңберінде мектеп оқушыларына арналған облыстық медиафорумы

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «AQJAI’YQ» РТРК БҚО филиалы және «Жайық ПРЕСС» медиахолдингінің қолдауымен, «Өркен» қосымша білім беру орталығы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған облыстық медиафорум өткізілді.

Форумның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділерін ақпараттық ортаға тарту, қатысушылардың ақпараттық шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында жасөспірімдердің рухы мықты адам болуға, туған жерін сүюге, ғаламтордағы, әлеуметтік желідегі ақпараттың ақ-қарасын ажырата білуге шақыру, журналистика саласына қызығушылығы бар жасөспірімдерді анықтау және оларға кәсіптік бағдар беру, БАҚ-мен жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, білім беру ұйымдарында ақпараттық қызметтің деңгейін көтеру, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау.

Шараға аудан, қала мектептерінен 65 қатысушы қатысты. Шараның ашылу салтанатында «Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары «AQJAI’YQ» РТРК БҚО филиалын жаңа атауымен құттықтап өтті. Форум аясында қатысушылар «AQJAI’YQ» РТРК БҚО филиалы және «Жайық ПРЕСС» медиахолдингінің үздік мамандарымен кездесіп «Блог дегеніміз не? Блогер деген кім?», «Мақала қалай жазылады?» «Тележүргізуші», «Тілші», «Бейнеоператор», «Фототілші» бағыттары бойынша шеберлік сағаттарынан өтті. Сондай-ақ, қатысушылар аталмыш мекемелердің мұражайларына және қызметшілерінің жұмыс барысымен танысып, саяхат жасады.

Форум соңында қатысушыларға білім басқармасының сертификаттары табысталды.

1 2

3 4

5 6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі