Математика пәнінен А.Д.Тайманов атындағы облыстық олимпиадасы

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ СКО ғылым Академиясының академигі, КСРО білім ағарту үздігі Тайманов Асан Дабысұлының 100 жасқа толуына орай 2017 жылдың 25 қазан күні Орал қаласы А.Д.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының базасында білім беру мекемелері оқушыларының арасында облыстық  олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - білім беру мекемелері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтау және математика пәніне қызығушылықтарын дамыту, зияткерлік дамуына жағдай туғызу, дарынды балаларға қолдау көрсету, оларға кәсіби бағдар беруге жәрдемдесу, жағымды әлеуметтік ахуал қалыптастыру.

Олимпиадаға 53 оқушы қатысты.

Әділқазылардың шешімі бойынша төмендегідей орындарға ие болды:

9-сынып

І орын - Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушысы Сятова Альфия;
ІІ орын – Зеленов ауданы, Достық ЖОББМ-нің оқушысы Лұқпанова Нұрлықыз;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің оқушысы Хамитова Хамида; Орал қаласы М.Мәметова ат. №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Габдуллина Зарина; Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Тлепова Наргиза.
Номинациялар – Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының оқушысы Аскаров Еламан; Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің оқушысы Хвалов Александр.

10-сынып

І орын - Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының оқушысы Аделов Алдияр;
ІІ орын – Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының  оқушысы Саматов Ерасыл; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің оқушысы Сайын Ильяс;
ІІІ орын – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Исмагулова Аружан;
Орал қаласы М.Мәметова ат. №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Нұрманғалиев Диас; Ақжайық ауданы Бударин мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Каримова Акерке.
Номинациялар – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп-лицей-интернатының оқушысы Сарсек Рахат.

11-сынып

І орын - Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушысы Толстов Юрий;
ІІ орын – Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының оқушысы Измуканбетов Нуртас; Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мурзагалиев Асылхан;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің оқушысы Курмашов Арыстан; Орал қаласы №41 жаратылыстану-математика бағыттағы мектеп-лицейінің оқушысы Айтан Айбек; Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ОЖББМ-нің оқушысы Өтепбергенова Бибігуль.
Номинациялар – Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Саматов Рамазан.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және кітаптармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі