«Шағын жинақты мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік тұрғыдан қолдаудың жаңа амалдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 13 қараша күні Зеленов ауданы Макаров жалпы орта білім беретін мектебінде «Шағын жинақты мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік тұрғыдан қолдаудың жаңа амалдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға аудандық білім бөлімдерінің шағын жинақталған мектептерге жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлер және мұғалімдер, барлығы 43 педагог қатысты.

Семинар бірнеше бөлімнен тұрды. Практика бөлімінде қатысушыларға «Жаңаша білім жаңа сипатта» атты презентация-көрме көрсетіліп, әдебиеттік оқу пәні бойынша біріктірілген 3-ші мен 4-ші сыныптардағы «Алпамыс батыр мен Байшұбар ат»,«Қабанбай» және «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту», «Ауа райы және метеорологиялық элементтер», «Family and friends», «Дулат Бабатайұлы. Ақтан жас» тақырыптары бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында үлгі сабақтар өткізілді.

Ұстаз шеберханасы тәжірибе алмасулар бөлімінде «ШЖМ-де жаңартылған білім беру мазмұны мен дәстүрлі білім беру жүйесінің байланысын тиімді шешу жолдары», «ШЖМ-де оқушылармен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін жаңаша басқару тәсілдері» мазмұнды мәліметтер берілді және рефлексия жүргізіліп, қорытындыланды.

Семинар соңында қатысушылар шағын жинақты мектептерде мұғалімдердің жаңашылдық белсенділігін арттыруда өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі