ІІ облыстық «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 5-8 сыныптары арасындағы интеллектуалды турнир қорытындысы |
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы 22 қазандағы №715 бұйрығына сәйкес облыстық «Дарын» қосымша білім орталығында 2012 жылдың 13-15 қараша аралығында Облыстық «Intel-logic-2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 5-8 сыныптар арасындағы интеллектуалды турнир облыстық жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің нақты ғылымдар пәндеріне бейім оқушылардың білімін жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, түрлі деңгейлі ғылыми жарыстарға қатысуға таңдау, анықтау және дайындау мақсатында «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнир өткізілді. Турнир ережесіне сай 5 сыныптан - 1 оқушы, 6 сынып – 1 оқушы, 7, 8 сыныптан – 1 оқушыдан қатысты. 14-қараша күні сағ. 9:30 мин турнирдің ашылу салтанаты болды. Қазылар алқасы таныстырылды. Қазылар алқасының төрағасы – Ө.Қ. Құспанов – «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің аудит бөлімі бастығы. Қазылар алқасы мүшелері: - Г.Б. Аюпова – облыстық білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері; - Л.Р. Мажитова – облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің эксперті; - Е.Н. Сафуллин – БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары; - Ж.Анесова – № 34 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі.
Логикалық есептер – бұл көңілді, тапқыр және зейінді балаларға арналған қызықтыратын астарлы сұрақтар, қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар, басқатырғыштар, фокустар мен ойындар. Софизм логика ережелерін әдейі, саналы түрде бұзу. Софизмдерде ойда болмаған қателіктер болмайды бірақ нәтижесінде анық теріс шешімге алып келеді. Облыс бойынша «Intel-logi - 2012» турниріне 15 команда қатысты: Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Зеленов, Сырым, Бөкей Ордасы аудандары қатысқан жоқ. Әрбір «жақсы» сайыс тек білім және дағдыны ғана емес, алдымен сапалы жаңа есептерді шығара білуді, әдеттегі нәрселерге ерекше көзқараспен қарауды тексеру керек. Тапсырмалар мектеп бағдарламасынан шықпайтындай білімді қажет ететіндей құрастырылды, бірақ білімді әдеттегіден тыс жағдайда қолдануы қажет болды. Жүлделі орындарға ие болғандар: І дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ 8-сынып оқушысы Шамелов Тамирлан, мұғалімі Александрова.С.Ю. Өте жақсы білімін көрсеткен 5- сынып оқушылары: Туменова Гүлназ Казталов ауданы, №1 ЖОББМ Жәнібек ауданы Гимранов Диас. Бұл оқушылар 8 сынып оқушыларымен тапсырмаларды бірдей орындады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен: энциклопедиялық, анықтамалық, математика кітаптармен марапатталды. |