Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында оздырылған «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестивалі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының инженер-педагог ұжымы мен студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,  қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау, колледж жетістіктерін паш ету, озық іс-тәжірибелерін тарату, өскелең жас ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 2017 жылдың  8 қараша – 4 желтоқсан аралығында «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестиваль оздырылды. Фестивалге 34 колледждің 10 мыңнан астам студенттер мен инженер-педагогикалық кадрлар қатысты.

2017 жылғы 13 желтоқсан күні қазақ драма театрының фойесінде көрме әзірленіп, «Туған жерім - түп қазынам байлығым!» атты қорытынды концерттік бағдарлама өткізілді. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер палатасы, колледж басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, студенттер қатысты.

«Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» фестивалінің қорытындысы бойынша колледждерге диплом мен кубоктар табыс етілді:
- «Мұражай–тарих айнасы» номинациясында Орал ақпараттық технологиялар колледжі;
- «Үздік ән» номинациясында  Зеленов колледжі;
- «Үздік би» номинациясында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;
- «Үздік қойылым» номинациясында Бөкей ордасы колледжі;
- «Үздік көркем сөз» номинациясында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі;
- «Үздік хор» номинациясында Орал «Сервис» технологиялар колледжі;
- «Үздік аспапта орындаушылық өнер» номинациясында Батыс Қазақстан жоғары медициналық  колледжі;
- «Үздік вокалды - аспаптық ансамблі» номинациясында Ақжайық аграрлық техникалық колледжі марапатталды.

1 2

3 4

5 6

7 8

9

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі